PostHeaderIcon Ислам және жастар

2013 жылы 25 қазан күні «Философия және саясаттану» кафедрасының ұйымдастыруымен студент жастар арасында «Ислам және жастар» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді. Аталмыш іс-шараға Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті, Технологиялық факультет және Ақпараттық технология, автоматика және телекоммуникация факультетінің студенттері қатысты.

Жиында алғашқы сөзді кафедраның аға оқытушысы Р.Баярисов алды. Ол өз сөзінде еліміздің зайырлы мемлекет екендігін, сондықтан да еліміз азаматтарының дінге байланысты төзімділік пен толеранттылық көзқараста болу керек екендігін айтып кетті. Одан әрі кафедра меңгерушісі М.Спанов жастармен пікір алмасып,  қазақ халқының ислам дініндегі ханафи мазхабын ұстанатындығын айтып, бұл мазхабтың басқа мазхабтардан айырмашылықтарына тоқталып, түсінік берді.
Одан әрі студенттер өз ойларын білдіріп, өздерін алаңдатып, толғандыратын мәселелер төңірегінде сұрақтар қойып, оқытушылар тарапынан сұрақтарға толыққанды жауап қайтарылды.

 

ТарМУ Медиа қызметі