PostHeaderIcon Қыз бала тәрбиесіндегі ұлттық дәстүрдің орны

Ағымдағы жылы, 25 қараша күні «Философия және саясаттану» кафедрасы Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенттері арасында «Қыз бала тәрбиесіндегі ұлттық дәстүрдің орны» тақырыбына тәрбиелік мәні зор сұхбат ұйымдастырды.
Сұхбатты доцент Д.Күлбаева ашып, жүргізіп отырды. Кейінгі кезекте студент Дариға Әбдібай «Қыз тәрбиесіндегі ұлттық дәстүрлердің орны» тақырыбына баяндама жасады. Одан әрі жарыссөзге шыққан студенттер қаралып отырған тақырыпқа байланысты өз ой-пікірлерін айтты.

Сұхбат барысында студенттер тақырыпқа қатысты өздерін ойландырып жүрген мәселелер бойынша оқытушыларға сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды. Қойылған сұрақтардың арасында ұлттық салт-дәстүр мен ислам дінінің қағидалары арасындағы сабақтастық мәселесі де әңгімеге арқау болып, қызу пікірталас туғызды. Бұл сұраққа сұхбатқа қатысқан оқытушылар салиқалы әрі қазіргі заман талабына сай жауап беруге тырысты. Жалпы алғанда, сұхбат қызықты пікірталас түрінде өтіп, студенттердің көңілінен шықты.

 

ТарМУ Медиа қызметі