PostHeaderIcon Діни экстремизм: шығу себептері және алдын алу жолдары

«Заң» факультетінің «Конституциялық және халықаралық құқық» кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен «Діни экстремизм: шығу себептері және алдын алу жолдары» атты ашық кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараға факультеттің профессор-оқытушылары және 4 курс студенттері, «Дипломат» студенттік ғылыми үйірмесінің мүшелері қатысты.

Экстремизм термині сөзбе-сөз (лат. ехігетш- шеткі) шектен тыс көзқарастар мен әрекеттерді ұстану, қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа шығару ретінде анықталады. Экстремизм бұл әруақытта әр қалай көрініс беретін өте күрделі құбылыс. Оған анықтама беруде эксперттік ортада әртүрлі түсінік бар. Оны екі топқа бөлуге болады: бірінші топ экстремизмді бір созбен негативті және әлеуметтік қауіпті құбылыс деп бағалайды. Бұл бағытты ұстанушыларды «консерваторлар» деп белгілеуге болады. «Консерваторлар» бағытыңдағылар негізінен ғылыми академиялық орта, сонымен қоса құқық қорғау орғандарының қызметкерлері. Осы тұрғыда аталған кураторлық сағатты «Конституциялық және халықаралық құқық» кафедрасының аға оқытушылары Омарова Ғ.Е., Калмашева Н.Б. жүргізіп отырды.
Қоғамның діни өмірінің демократизациялауы бір жақты оң нәтиже бере бермейді. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Бұл көптүрліліктің нәтижесі діни конфессиялар формасы. Бұлардың әр қайсысы өз наным-сенімдерінің қағидаларымен өмір сүреді. Әртүрлі діндердің бір кезеңде, бір этно-мәдени кеңістікте болуы теологиялық мәселе ғана емес, әлеуметтік мәселе тудыратындығы сөзсіз. Діндердің өзгертуге болмайтын өзіндік діни ілімдері мен дәстүрлері бар, кейбір жағдайларда бір-біріне қайшы келетін, тіпті жоққа шығаратын, дінаралық сұхбат мүмкін болмайтын жақтары да кездеседі. «Сонда шешім қайда? Шешім қандай жағдайда болсын нақтылы болуы шарт. Дерексіз шешім болмайды. Шешім жасау үшін нақтылы тарихи, әлеуметтік, қоғамдық, саяси, мәдени жағдайды есепке алуымыз керек. Нақтылы жағдай - Қазақстан Республикасы, яғни, мәселе осы мемлекеттің мазмұнына, оның мүддесіне орай шешілуі керек.
Жиын барысында қатысушыларға арнайы презентация көрсетіліп,  қосымша электронды тасымалдағышта материалдар берілді.